Елбасы медалдарымен Қостанай қаласы мектептерінің 20 оқушысы марапатталды. Кеше, 2021 жылдың наурыз айының 31-і күні, кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, салтанатты түрде марапаттау рәсімі болып өтті.

2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев  қазақстанның жас талантты жастарын қолдауға бағытталған бағдарламаға қатысу тегін және ерікті түрде жүзеге асырылды. Балалар өз бетінше қатысуға өтінім беріп, келісімге қол қойып, бағдарлама орталығының порталында тіркеліп және үш ай бойы күн сайын қызметтің бес бағыты бойынша тапсырмаларды орындап отырған. Бес бағытты  қамтыған тапсырмалар түріне "Волонтерлік", "Спорт және физикалық даму", "Таланттар мен дағдылар", "Кітап оқу" және "Ұлттық мұра" атты тақырыптар кірді.

Барлық кезең бойы балалар өз білімдерімен, шеберліктерімен және еңбектерімен қоғамға өз еркімен қызмет етуге, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге, спорттық олимптарды бағындыруға дайын екендіктерін дәлелдеді. Дәл осы қасиеттер үшін олар отансүйгіштік пен белсенді азаматтық ұстанымы үшін , ерекше белгілермен белгіленді.

           Балаларды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz