Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды азаматтардың отбасына орналастыру мәселесі Қазақстан Республикасы саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Біздің елімізде балалар үйінің тәрбиеленушілерін отбасына орналастырудың баламалы нысандарын дамыту үшін заңнамалық деңгейде құқықтық негіз жасалды. Баланы отбасына орналастырудың бірнеше формалары бар.

Бүгін біз қорғаншылық және қамқоршылық туралы сөйлесетін боламыз.

Қорғаншылық пен қамқоршылық кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру мақсатында, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қолданылады. 14 жасқа толмаған балаларға қорғаншылық белгіленеді, 14 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға қамқоршылық белгіленеді.

Қорғаншылықты ресімдеу кезінде бала өзінің тегін, атын, әкесінің атын сақтайды, ал қандас ата-аналар (егер олар тірі болса) оны күтіп-бағуға қатысу (алимент төлеу) міндетінен босатылмайды. Бала қорғаншылыққа берілген жағдайда, қорғаншы баланың заңды өкілі болады. Бұл ретте ол баланы асырауға ай сайынғы жәрдемақы алады.  Қорғаншының немесе қамқоршының кандидатурасын іріктеуді баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншы орган жүргізеді, осы орган қорғаншылықтың жүзеге асырылуын, баланың тұру жағдайларын, баланың мүддесі үшін бөлінетін ақша қаражатының жұмсалуын бақылайды.

Жетім балаға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және электрондық үкімет порталы арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы ресімделеді.

Сізді портал арқылы ұсынылатын құжаттар тізімімен таныстырамыз.

  • Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
  • Егер некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды куәландырылған келісімінің электрондық көшірмесі;
  • Егер некеде тұрса, көрсетілетін қызметті берушінің және жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы электрондық көшірмесі;
  • Неке қию туралы электрондық көшірме;
  • Табыстар туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;
  • Баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі);
  • Балаға жалғыз ата-анасының және екеуінің де қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (қайтыс болу туралы куәлік, ата-ана құқықтарынан айыру, оларды шектеу туралы сот шешімі және басқа да құжаттар); Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тұрған жағдайда, туу туралы куәлікті және басқа да құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
  • Көрсетілетін қызметті алушы мен жұбайының тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);
  • Баланың пікірінің электрондық көшірмесі (10 жасқа толғанда);
  • Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың даярлықтан өткені туралы сертификаттың электрондық көшірмесі.

Әдетте, туыстары қамқоршы болады: ата-әже, аға-інілер, апа-сіңлілер, тәтелер, ағалар.

2020 жылдың шілдесінен бастап «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне апалар, ағалар және басқа да азаматтар асырап алушы ата-аналар мектебінде оқудан өтуі тиіс деген өзгерістер енгізілді.

Қостанай облысында осындай бірнеше мектеп бар:

  • «Ана үйі» ҚҚ бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттігі, мекенжайы: Қостанай қ., Қасымханов к-сі, 36 үй,№ 402 кеңсе, Байланыс телефоны: Call-Center-1422, аймақтық өкіл – 87773109884, психолог-87773101594
  • «Sinergy» ғылыми-білім беру орталығы» қоғамдық қоры, мекенжайы Қостанай қ., 1 Май к-сі, 151 үй, басшы: Бровченко Руслана Витальевна, байланыс телефон: 8-705-915-11-57;
  • Асырап алушы ата-аналар мектебі-Рудный балалар үйі – 8 707 670 61 89;
  • Асырап алушы ата-аналар мектебі-Рудный түзету мектеп-интернаты 8 747 909 24 75;
  • Бала асыраушы ата-аналар мектебі – «Жанұя» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы - 56 94 60; 39-25 85

         Оқыту қашықтықтан, аптасына 1 рет 3 сағаттан жүргізіледі. Толық курс-36 сағат (үш ай). Одан кейін «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген ҚР азаматтарының психологиялық даярлықтан өткені туралы» сертификат беріледі.

Егер Сізді осы ақпарат қызықтырса, мына мекенжайға хабарласа аласыз: Қостанай қ., Байтұрсынов к-сі, 67 үй, каб. 111, 113, 115. Байланыс телефондары:  8(7142) 54 52 28; 8(7142) 54 96 66

Назар аударғандарыңызға рақмет!

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz