Патриоттық тәрбие-болашақ тұлғаны қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі.  Отанға деген сүйіспеншілік сезімі, отбасы мен халықтық дәстүрлерді құрметтеу, өз халқы мен мемлекетіне деген мақтаныш сезімдерін отбасы мен қоғам балабақшадан бастап тәрбиелейді.

 Ағымдағы жылдың 29 наурызы мен 2 сәуірі аралығында «Кішкентай ел» балабақшасында «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» тақырыптақ апта өтті.  Апта бойы балалар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты: көркем шығармаларды оқыды, қонақжайлылық туралы, қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы мақал-мәтелдерді жаттап алды, ұлттық ойындар ойнады. «Шаңырақ – біздің ортақ үйіміз» сабағы барысында отбасылық құндылықтар мен тұрмыс-салт, қазақ халқының көп ғасырлық тарихы, қазіргі көпұлтты Қазақстанның жетістіктері туралы айтылды.

1м2м3м

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz