Пікірсайыс-бұл тек интеллектуалды рөлдік ойын емес, сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыратын, ақпаратты талдауға, топта жұмыс істеуге, сұрақтар құрастыруға және оларға жауап беруге үйренетін нақты білім беру технологиясы.

«ҰШҚЫР ой АЛАҢЫ» оқушылардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру жөніндегі ұсынымдар негізінде Қостанай қаласының 36 мектебінде және 4 қосымша білім беру ұйымдарында (ҚБШМ, ҚТШМ, аула клубы, Дарын) пікірсайыс клубтары (үйірмелер) құрылды.

Қостанай қаласы бойынша білім беру кеңістігіндегі пікірсайыс клубтарының үйлестірушісі және басшысы- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 22 жалпы білім беретін мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Альжанова Салтанат Бозорбаевна болып табылады.

2021 жылы қала мектептерінде ай сайын 5-8 сынып оқушылары арасында үш тілдік лигада дебаттық турнирлер жоспарланған және өткізіледі, сондай-ақ мектеп және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары арасында 4 қалалық дебаттық турнир жоспарланған және өткізіледі.

Пікірсайыста бастысы - көзқарас, мінез, талпыныс және өз ұстанымын дәлелдермен қорғауға деген ынта. Осындай турнирлерге қатысу қала оқушыларына шешендік шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz