Басып шығару
Қаралды: 167

2021 жылдың 21 сәуірінде № 17 бөбекжай-бақшасында «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда дамыта оқыту технологиясының элементтерін қолдану тәсілдері» тақырыбы бойынша қазақ тілінде оқытатын мектепалды даярлық тобы тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігі өткізілді. Іс-шараларға барлығы 40 тәрбиеші қатысты.

№ 17 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі А.С. Баймұханова «Табиғаттың гүлденуі» атты математика негіздерін ұстау бойынша бейнесабақты көрсетті.  Педагог Ж.А. Жайлыбаева «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту құралы ретінде театрландырылған іс-әрекет» әдістемелік құралын таныстырды. Сондай-ақ қатысушылардың назарына «Бес ешкі» қазақ халық ертегісі ұсынылды.

Соңында балабақша психологы Мазурок Н.В. «Мен үшін қазір не қажет?» атты тренинг өткізді.  

Отырыс аясында тәрбиешілер мектепке дейінгі білім берудің оң үрдістерін, одан әрі жұмыс істеу перспективаларын атап өтті.