Жыл сайын көктемнің келуімен «Бірге, Таза Қазақстан!» акциясы  аясында   өтетін санитарлық тазарту шаралары барысында,  білім беру ұйымдары қала көшелерін  абаттандыру және көгалдандыру  бойынша экологиялық іс-шараларға қатысады.

     Биылғы жылы да өз ерекшелігімен танылды.  22 сәуірде сағат 14.30-да Қостанай қаласында қала әкімі Қ.Ахметовтың қатысуымен жалпықалалық сенбілік басталды. Оған қалалық білім бөлімінің қызметкерлері де қатысты.  Қатысушылардың тазарту шараларындағы көңіл-күйлері бұрынғыданда көтеріңкі болғаны сезіліп тұрды.   Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзақ үзілістен кейін барлығы үлкен ынта-жігермен жұмыс істеді.

     Айта кету керек, бұл күні сенбіліктер барлық білім беру ұйымдарында ерікті түрде өтті.

      Сенбілік бәрімізге сүйікті қаламыздың дамуы мен гүлденуіне атсалысуға тағы бір мүмкіндік берді!

1м2м

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz