Басып шығару
Қаралды: 212

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Қостанай қаласының № 5 жалпы білім беретін мектебінің базасында тарих және география мұғалімдерін қашықтықтан форматта тарих, география пәндерін оқыту шеңберінде онлайн - платформалардың оқу материалдарымен жұмыс тәсілдерімен таныстыру мақсатында «Тарих және география сабақтарында қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізу үшін тиімді құрал ретінде Goоgle нысандарын қолдану» тақырыбы бойынша қалалық әдістемелік бірлестіктің отырысы өтті.

Отырыс барысында келесі педагогтар сөз сөйледі:

- «Қашықтықтан оқыту. Артықшылықтары мен кемшіліктері» - К.В.Демченко.;  

- «Тарих және география сабақтарында Google формаларын қолдану» - И.К.Аллахвердиева;

-  «Quizizz қызметіне шолу. Мүмкіндіктерді көрсету. Тарих және география сабақтарында қалыптастырушы бағалауда қолдану» - Д. К.Мурзахметов;

-  «Қашықтықтан оқыту кезінде Қазақстан тарихы сабақтарында Kahoot қосымшасын пайдалану» - Б.К. Дулатов .

Отырыс қорытындысы бойынша тарих және география педагогтеріне әріптестерінің тәжірибесін алу ұсынылды.

whatsapp_image_2021-04-30_at_17.01.16_1.jpeg whatsapp_image_2021-04-30_at_17.01.16_copy.jpeg

whatsapp_image_2021-04-30_at_15.23.12_1_copy_copy.jpegwhatsapp_image_2021-04-30_at_15.23.12_copy.jpeg