Басып шығару
Қаралды: 250

А. ж. 1-7 мамыр аралығында қаланың білім беру кеңістігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында заманауи қазақстандық мәдениетті насихаттау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын қолдау мақсатында on-lin форматында қосымша білім беру ұйымдарының «Бір шаңырақ астында» атты фестивалі өтеді.

Ұйымдастырушы Қостанай қаласы әкімдігінің қолдауымен білім бөлімі болып табылады. Олардың ойы бойынша,  фестиваль ел тарихындағы ең маңызды оқиға – біздің қасиетті тәуелсіздігімізге орайластырылған. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жай ғана күн емес, бұл әрбір саналы қазақстандықты мемлекеттің дамуына қосқан үлесі туралы ойлануға міндеттейтін межелік сәт. Бұл тұрғыда қаланың қосымша білім беру мектептері мақтан тұтатын нәрсе бар. Бүгінде Қостанайда олардың жетеуі бар және олардың әрқайсысы үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызды буын. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға осы мектептердің басшыларын ұсынамыз. Өйткені, олардан, дана басшылардан, кез-келген мектеп басталады…