"Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 30 жылдығы, Қазақстан халқының бірлігі күніне және Жеңіс күніне орай 30 сәуір мен 9  мамыр аралығында "Бір шаңырақ астында"фестивалі өтуде.

Күн сайын арнайы құрылған YouTube-арнада қосымша білім беру ұйымдарының бірі: Қостанай қ. балалар шығармашылығы мектебі, Балалар музыка мектебі, А.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі, техникалық шығармашылық мектебі, балалар аула клубы, "Дарын" орталығы және "Карнавал" хореографиялық мектебінің қызметі туралы бейне орналастырылады.

Фестивальдің мақсаты мен міндеттері:

- "Рухани жаңғыру"бағдарламасын іске асыру шеңберінде қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті танымал ету.

- Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын насихаттау және қолдау.

- Жалпыадамзаттық құндылықтар, шығармашылық және кәсіби бәсекеге қабілеттілік негізінде балалар мен жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы.

Фестивальдің жарнамалық ролигі:

30 сәуір 2021 ж. -директорлардың тұсаукесері

1 мамыр 2021ж. -қалалық балалар шығармашылығы мектебінің бағдарламасы

2 мамыр 2021ж. -көркемсурет мектебінің бағдарламасы

3 мамыр 2021 ж.-"Дарын" бағдарламасы

4 мамыр 2021ж. -Балалар музыка мектебінің бағдарламасы

5 мамыр 2021ж. -техникалық шығармашылық мектебінің бағдарламасы

6 мамыр 2021ж. аула клубының бағдарламасы

7 мамыр 2021ж. «Карнавал» хореографиялық мектебінің бағдарламасы

Барлық бейне материалдар ютуб арнада және білім бөлімінің сайтында, сонымен қатар  Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде ашық жарияланатын болады.

https://uchitelskaya.kz/vse-rubriki/dopolnitelnoe-obrazovanie/kultura/nas-obedinyaet-kazaxstan

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz