Басып шығару
Қаралды: 208

2021 жылғы 05 мамырда Қостанай қаласының № 29 жалпы білім беретін мектебі базасында инклюзияны қолдау кабинетінің тұсаукесері өтті. Аталған іс-шараға Қостанай облысы бойынша арнайы білім беру ұйымдарының басшылары, білім басқармасының және білім бөлімінің мамандары қатысты.

Іс-шараның мақсаты-ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыстың оң тәжірибесін ұсыну. Сондай-ақ, іс-шара барысында оқу процесі, балаларды дамытудың жеке бағдарламалары және инклюзияны қолдау кабинеті жұмысының негізгі бағыттары талқыланды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды. 

1м