Қостанай қаласының барлық білім беру мекемелерінде жазғы қашықтық бейіндік мектеп жанындағы алаңдар шеңберінде және жазғы мектептерде  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар өтуде.

«Мемлекеттік рәміздер-бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.

Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші бейнесін білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекеттік рәміздер-бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін  ажырамас атрибуттарының бірі болып табылады.

Қостанай қаласының мектептерінде азаматтыққа және отансүйгіштікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді:

- «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз» бейнеролигі;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына виртуалды саяхат;

-«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін зерделеймін» қалалық онлайн-викторинасы;

-«Өз еліңнің рәміздерін біл және зерделе» онлайн-кроссворд;

- челлендж « Мемлекеттік рәміздер».

 

1м2м3м4м5м

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz