« Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ-нің 28.04.2021 жылдың №13-05/1685 хатына сәйкес 2021 жылдың 31 мамырында өтетін Ыбырай Алтынсариннің 180 жыл толуына орай «Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі» атты облыстық педагогикалық оқуларының қалалық кезеңі сырттай мамыр айының 15-21 аралығында өтті.

ФМЛ,№24МГ,№28 МГ,С.Мәуленов атындағы гимназиясы,Ғ.Қайырбеков атындағы жббм,№9 жббм,№19 жббм,№8 жббм, №17 жббм,№115 жббм мен №13,№14 негізгі білім беретін мектептердің мұғалімдері 3 бағытта (1 секция. Ы.Алтынсариннің ағартушылық идеясының өміршеңдігі; 2 секция. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеяларының бүгінгі білім беру жүйесімен сабақтастығы; 3 секция.

Ыбырай шығармаларын оқытудың әдістемесі, шеберлік сыныбы) авторлық жұмыстарымен қатысты.

Қатысу тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болды.Қалалық ІІ кезеңге 12 білім беру ұйымынан 29 қатысушы ұстаздарымыздың бесеуінің жұмыстары облыстық кезеңге өтті.

С.Мәуленов атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алиман Муртазина, №19 жббм-нен музыка пәнінен Татьяна Котова,педагог-психолог Алёна Файрушина,орыс тілі пәнінен Наталья Менг,№8 жббм тарих мұғалімі Зоя Джумабаева, №24 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Торғын Әліпбекова, Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 жббм бастауыш сынып мұғалімі Ментай Ергалиева (шеберлік сыныбы бойынша) есімді тәжірибелі ұстаздарымыздың жұмыстары Ыбырай Алтынсариннің 180 жыл толуына орай «Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі» атты облыстық педагогикалық оқуларының жинағына үздік деп танылып енді.Әріптестерімізді құттықтаймыз! Еңбектері еленіп,биіктен көріне беруіне тілектеспіз!

1м2м

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz