Басып шығару
Қаралды: 513

Құрметті басшылар!

«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ 2021-2022 оқу жылында №18 мектеп – гимназия базасында бірінші сыныпта және мектепалды даярлық сыныбында балаларды мемлекеттік тілде оқыту жүзеге асырылып жатқанын хабарлайды.

Бірінші сыныптарға алты жасқа толған балалар және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалар қабылданады. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Сіз Қостанай қаласының білім бөліміне мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: 54-71-30 – жалпы орта білім беруді дамыту және білім беру қызметтерінің сапасын ішкі бақылау секторы.