Басып шығару
Қаралды: 577

 Ағымдағы жылдың  3-ші  шілдесінде  бейнеконфереция  режимінде білім беру бөлімі директорларының кеңесі өтті.

Кеңесте білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігі, оқу жылының аяқталуы бойынша көрсетілетін қызмет сапасы мәселелері қаралды. Қорытындысы бойынша білім беру мекемелерінің басшыларына білім беру процесін ұйымдастыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылауды күшейту және білім алушылардың білім сапасының төмендеуіне жол бермеу туралы ұсыныстар берілді.

Кеңесте 2020-2021 оқу жылындағы республикалық олимпиада мен республикалық ғылыми жобалар байқауының  қорытындылары айтылды. Мақсат қоюдан, міндеттерді, басымдықтарды, мазмұнды, мақсатқа жету құралдарын анықтаудан бастап, білім беру ұйымы қызметінің нәтижелілігіне дейін сапалы мониторингті жүзеге асыру қажеттілігіне басты  назар аударылды.

Сондай-ақ, №24 мг,№10 ЖББМ,№15 ЖББМ,№22 ЖББМ мектептері әкімшіліктері балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда мектептердің әлеуетін пайдалану бойынша басқарушылық іс-әрекеттерін зерделеу барысында жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасына әсер ететін бірқатар шешілмеген мәселелер анықталды: сапасыз бағдарламалық қамтамасыз ету, жазғы кезеңде құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыс жоспарларының болмауы кездесті. Мектеп директорларына барлық санаттағы және есепке алу тобындағы балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз етуді бақылауға алу тапсырылды.

Бұдан басқа, :№19 ЖББМ және №28 мг  ұйымдарының қаржы-экономикалық қызметін зерделеу жүзеге асырылды, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алу бөлігінде құжаттаманы жүргізу бойынша ескертулер анықталды. Қорытындысы бойынша мектеп директорларына шарттар жасасудың, орындалған жұмыстар актілерін қабылдаудың, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілермен қабылдап алу-берудің белгіленген мерзімдерінің сақталуын бақылауға алу тапсырылды.

Сондай-ақ, кеңесте қаржылық, санитарлық бұзушылықтар, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау мәселелері қаралды. Қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына санитарлық нормалардың, өртке қарсы нормалардың, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу мен қаржылық есепке алу бөлігінде қаржылық бұзушылықтарға жол бермеу тапсырылды.

Білім бөлімі директорларының кеңес жұмысының қорытындысы бойынша осы бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша уақытылы шаралар қабылдауға білім беру ұйымдарының барлық басшыларына ұсынымдар берілді және басқарушылық шешімдер әзірлеуге бағытталған шешімдер қабылданды.

1м2м