2021 жылғы 31 тамызда БКБ режимінде білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өтті.

       Кеңесте 2021-2022 оқу жылындағы оқыту форматы, 2021-2022 оқу жылының оқу процесін штаттық форматта ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. «1 қыркүйек – Білім күні» салтанатты іс-шарасын өткізу және оқу процесін ұйымдастыру бойынша қосымша ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу кезінде үлгілік оқу жоспарларын пайдалану бойынша түсініктемелер, оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу бойынша ұсынымдар берілді.

Тағы да ақшалай қаражат жинауға жол бермеуге, мектеп әкімшілігі мен мектептің педагог қызметкерлеріне сыйлықтар алуға ақшалай қаражат жинауға жол бермеуге назар аударылды.

Жалпыға міндетті оқу қоры бойынша бюджет қаражатын уақтылы игеру, балалардың әлеуметтік қорғалмаған санатындағы балаларға көмек көрсету мәселесі қаралды.

Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша уақытылы шаралар қабылдауға бағытталған шешімдер қабылданды, барлық бағыттар бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына ұсынымдар берілді.

1m                        2m

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz