2021 жылғы 4 қыркүйекте онлайн режимде «Бала және гаджеттер» тақырыбында қалалық әкелер мектебінің отырысы өтті.

Осы отырысқа Қостанай қаласының білім беру ұйымдарының кәмелетке толмаған балаларының 100 әкесі қатысты.

Отырыс дәріскері Василенко и.в. – «Көмек» ҚҚ төрағасы, психиатр-нарколог, психотерапевт, м. ғ. к. – әкелер кеңесінің мүшесі гаджеттердің балаларға зияны және балалардың гаджеттеріне тәуелділігі туралы айтты. Ата-аналар гаджеттердің балаларының денсаулығы мен психикасына қандай әсер ететінін талқылады. Сондай-ақ, гаджеттерге көп уақыт жұмсай отырып, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге мүмкіндігі жоқ екендігі айтылды.

Балаға назар аудару, оған нағыз құндылықтардың – отбасы, достық, қарым-қатынас, дамуынын маңыздылығын жеткізу маңызды.

Отырыс соңында ата-аналарға гаджеттерге тәуелділікті қалай жеңуге болатындығы туралы ұсыныстар берілді.

1м2м3м

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz