Қостанай қаласының мектептерінде 2021-2022 оқу жылында «Оқуға құштар мектеп – оқуға құмар ұлт» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

         Жаңа 2021-2022 оқу жылының басталуы Қостанай қаласының мектеп кітапханаларын жаңғыртумен белгіленді. Сонымен, жазғы демалыста мектеп кітапханаларының сыртқы түрін ғана емес, бүкіл мазмұнын өзгерту үшін көп күш жұмсалды.

         Мектеп кітапханасы-бұл мектептерді зияткерлік және инновациялық жаңарту орталығы болып табылады. Мұнда барлық жастағы оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға арналған кітаптар мен виртуалды ақпараттар бар.

         Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп кітапханаларының сөрелері қазақстандық және шетелдік авторлардың көркем әдебиеттерімен толықтырылды. Көрме сөрелерінде жылдың маңызды оқиғалары мен елдің мерейтойлық күндерін атап өту туралы ақпарат орналастырылған.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz