2011 жылғы 19 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 66/170 қарар қабылдады, 11 қазанды Халықаралық қыздар күні деп жариялап, олардың құқықтарын мойындады.

Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында 2021 жылғы 20 қыркүйектен бастап Халықаралық қыздар күніне арналған ата-аналардың, педагогтардың және шақырылған танымал әйелдердің қатысуымен онлайн форматта іс-шаралар өтуде.

Бұл іс-шаралардың мақсаты: бүкіл әлемдегі қыздар бастан кешіретін және олардың әйел жынысына тікелей байланысты әлеуметтік проблемалар мен теңсіздіктерге назар аудару, құқықтары мен мүмкіндіктері туралы айту; оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, балалар шығармашылығын жандандыру.

Іс-шаралар келесі форматта өтіп жатыр:

"Нағыз қыздың бейнесі"тақырыбында әңгімелесу сағаты;

"Жеке гигиена" тақырыбына бейнероликтер көрсету;

"Қыздар білуі керек", "Нағыз қыздың бейнесі", "Халықаралық қыздар күні", "Мен өз құқығымды білемін", "Ұлдар мен қыздардың достығы" тақырыбындағы сынып сағаттары;

"Заманауи бизнес - вумен" презентациялар байқауы, "Ал қане, қыздар!";

"Ана болу бақыты", "Баланы қорғау керек" тақырыптарында психологтармен дөңгелек үстел .

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Айтжан Кішкентаевамен 8-9 оқушыларға арналған Онлайн диалог алаңы өтті.

"Қыздың болашағы-ұлт болашағы"мектеп дәрігерімен ақпараттық сағат.

Ссылки для просмотра:

https://www.instagram.com/p/CUcH04aA67u/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/p/CUZ6gvttsOu/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/p/CUcHtkhg8x1/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/p/CUbv1k5N8F3/?utm_medium=copy_link   

https://www.instagram.com/p/CUaLCQPN0ar/?utm_medium=copy_link

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz