2021 жылғы 11 қазаннан бастап Қостанай қаласының мектептері арасында кәмелетке толмағандардың арасында азаматтық құқықтық сана-сезім акциясы басталды, оның мақсаты кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқының алдын алу бойынша қызметті жандандыру болып табылады.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңға, құқыққа оң көзқарас қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтетін акция барысында азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы өз құқықтары мен міндеттерін білуі құқықтық мәдениетті қалыптастыру үдерісіндегі негізгі міндеттер болып табылады. Аталған акция 2021 жылдың 11 қарашасына дейін жалғасады.

Құрметті ата-аналар! Осы акцияға қатысуыңызды сұраймыз.

1m

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz