23-24 ақпанда «Synergy» ғылыми-білім беру қорының базасында «Arduino» жинақтарын қолданумен робот техникасы бойынша оқыту семинары өтті. Семинарды Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі «Synergy» ғылыми-білім беру қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Семинардың негізгі мақсаты – педагогтардың бойында білім беру ұйымдарының қызметінде білім беретін робот техникасын қолдану бойынша практикалық дағдылар мен білімді қалыптастыру болатын. Семинарға сабақтан тыс уақытта «Arduino» білім беру жинағы қолданылатын немесе жақын уақытта қолданылатын білім беру мекемелерінің педагогтары қатысты.

1

Бұл үлгі мектеп оқушыларының оқытуға бағдарланған және макетті негізде электроника, электроника негіздері және микроэлектроника қағидаларын көрнекі түрде көрсетеді. Семинар қатысушыларын «Arduino» білім беру жинағымен JuniorSkillsRussia ұлттық чемпионатының тәуелсіз сарапшысы, Робофест және WRO өңірлік чемпионаттарының төрешісі, JuniorSkillsRussia ұлттық чемпионатының жеңімпазы Д.М.Саканов таныстырды.

2

Оның басшылығымен семинар қатысушылары ArduinoUno платасын қолданумен қарапайым және күрделі электрлік схемаларды жинады, датчиктерге арналған ең қарапайымнан күрделіге дейін командаларды бағдарламалай отырып, mBlock бағдарламалық ортасында жұмыс жасауды үйренді. Семинар қатысушыларының өз микросхемаларын сондай ынтамен жинағанын, бағдарлама жасап, дұрыс жұмыс жасауын тексеру үшін оны көрсетуге асыққандарын көріп, нақты қорытынды шығаруға болады, яғни робот техникасының мектепте болашағы бар. Бұнда техникалық шығармашылық, бағдарламалау сабақтары және қызықты пән ұштасып жатыр.

3

Ұйымдастырушылар оларды Қостанай қаласының білім беру мекемелерінде «Робот техникасы» және «Цифрлық зертханалар» бағыттары бойынша оқыту әдістемелерін және жаңа жабдықтарды меңгеруге мүмкіндік беретін жүйелі әдістемелік жұмыстың басы деп қарастырады. Семинар сәтті өтті.

Семинардың барлық қатысушыларына сабақтан тыс уақытта «Arduino» жинақтарын қолдану бойынша 2 күндік курсты тыңдағаны туралы сертификат берілді.

45

 

Семинардың бағдарламасы

Arduino контроллерінің қолданылуымен жобаларконтроллерінің қолданылуымен жобалар

Arduino игеру бойынша алғашқы қадамдары