2017 жылғы 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қостанай қаласының №23 орта мектебінің базасында «Білім беру және ғылым қызметкерлерінің Қазақстан салалық кәсіподағының Қостанай облыстық ұйымы» ҚБ «Білім қызметкерлерінің Қостанай қалалық кәсіподақ ұйымы» филиалымен ұйымдастырылған Егеубаев Анатолий Михайловичті еске алуға арналған Қостанай қаласының білім қызметкерлері арасында волейболдан XI турнир өткізілді.

Турнирге 18 ерлер және 20 әйелдер командасы, жалпы 300-ден аса адам қатысты. Жарыстар айналма жүйе бойынша өтті. Ойындардың бірінші айналымынан кейін көшбасшы болған жоқ. Бұл шиеленіс соңғы кездесуге дейін сақталды. Командалар әр до үшін күресті. Толқулар, әсерлер көп болды. Біздің спортшылар күшті бәсекелестермен, үйренерлік шеберліктері бар командалармен алаңға шықты. Дүбірлік күрес нәтижесінде ерлер командалары арасында орындар төмендегідей анықталды:

1 орын - №23 орта мектебінің командасы;

2 орын –№9 орта мектебінің командасы;

3 орын – аула клубының командасы.

Әйелдер командалары арасында орындар төмендегідей анықталды:

1 орын –№23 орта мектебінің командасы;

2 орын – М.Горький атындағы гимназиясының командасы;

3 орын –№16 орта мектебінің командасы. 

Жүлделі орын алған командалар Қостанай қаласының білім бөлімінің және Қостанай қаласының қалалық кәсіподақ комитетінің грамоталарымен, сонымен қатар, ақшалай сыйлықақымен марапатталды.

1

Ұлттық білім беру деректер қоры