Адамзаттың техникалық қуатының қарқынды артуы, оның биосфераға әсері бүгінгі күні экологиялық мәселенің планетамыздағы жаһандық мәселелердің біріне айналды.

2017 жылғы 20 сәуірде №17 орта мектебінің базасында «Заманауи мектептегі экологиялық білім беру» эксперименті шеңберінде №1, 2 мектеп-лицейлерінің, №17 орта мектебінің және №18 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларына арналған экологиялық фестиваль өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты – табиғатқа ұқыпты қарауды, барлық тіршілікке жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу болып табылады. Экологиялық іс-шара бағадарламасына командаларды таныстыру, «Өңірлік экологиялық мәселелерді шешу» жобасын қорғау, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің биология және химия кафедрасының доценті, МААО корреспондент мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты Чернявская Ольга Михайловнамен кездесу – жетістік формуласы, «Дежа-вю» (экология саласындағы белгілі туралы белгісіздік электрондық презентациясы), «Жер бетінде бұдан мұңды хикаят жоқ» шаралары енді.

Мереке өте қызықты және тартымды өтті. Балалар өздерінің экология мәселелері бойынша оқығандықтары мен білімдерін көрсетті, біздің өңір шеңберіндегі экологиялық проблемаларға алып келетін факторларды ғылыми түрде түсіндірді.

Фестиваль жоғары эмоционалдық көтеріңкі көңіл-күйде өтті, оқушылар белсенділік танытты.

123

45

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz