Құрметті ата-аналар, Қостанайлықтар!
- Қаралды: 478
Әрбір оқушы үшін қыркүйектің бірінші күні қызықты сәт, ал оқуға қажеттіні дайындау ата-аналардың ең қиын кезеңі болып табылады. Бірақ ата-аналарында балаларды форма, кеңсе құралдарымен, сыртқы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ. Сондықтан да жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» Республикалық қайрымдылық акциясы өткізіледі.
«Будущий воин» әскери-спорттық ойын
- Қаралды: 461
2018 жылдың 26-27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін көтеру, әскери қызметті насихаттау, Отанға адалдық сезімін арттыру мақсатында «Отаным - тағдырым» негізгі бағытының «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Отаным - тағдырым» әскери-спорттық ойын өткізілді.
Жазғы мерзімде балалардың қауіпсіздігі
- Қаралды: 536
Жаз - керемет, тамаша уақыт! Бірақ бұл өз кезегінде демалыстың қуанышы ғана емес, балалар үшін жоғары тәуекел. Бұл көптеген факторларға байланысты. Жазғы демалыс кезінде балалар лагерлерде демалады, су қоймаларында шомылады, табиғатта ойнайды, жиі өздері қалады. Балалардың жарақаттануына және өліміне жол бермеу мақсатында балалар мен олардың ата-аналарына жазғы мерзімде қауіпсіздік шараларын сақтауды ерекше назар аударуды ұсынамыз.
«Картамен и компаспен» қалалық туристық ойын
- Қаралды: 450
«Карта және компаспен» қалалық туристік ойын, денсаулығын жақсарту және дене дамуы, туристік дағдыларды дамыту, 2018 ж. 20 шілдеде «Өлкетану» бағыты бойынша «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы аясында № 17 мектеп базасында тәрбиеленушілірге экологиялық және отандық білімдерін арттыру.
Әлеуметтік-қорғалмаған санаттағы балалардың жазғы демалысы
- Қаралды: 496
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі жыл сайын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдерге, атаулы әлеуметтік көмек немесе аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, қала сыртындағы демалыс лагерьлерінде және демалуға арналған демалыс орындарында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған демалыс және денсаулықты жақсартуды ұйымдастырады.
«Полоса туриста» спорттық-туристік слет
- Қаралды: 488
2018 ж. 12 шілдеден 13 шілдеге дейін Тобыл өзенінің жағасында «Полоса туриста» спорттық-туристік слетта ұйымдастырылды.
2018 жылғы ҰБТ
- Қаралды: 616
2018 жылы ҰБТ он бесінші рет өткізілді.
Қала мектептерінің 11-сыныптағы 911 түлектің ішінде 609 түлек тестілеуге қатысты, оның ішінде 282 қазақ тілінде оқитын оқушылар және 327 орыс тілінде оқитын оқушылар.
ҰБТ қорытындысы бойынша 2018 жылы орташа балл 93,89 баллды құрады. ҰБТ қорытындысы бойынша 2018 жылы орташа балл 93,89 баллды (2017 ж. - 89,36 балл) құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,53 балға жоғары. Оқыту тілдері контексінде мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің орташа балы 98,72 құрайды, ал орыс тілінде оқытатын мектептердің орташа балы 89,71.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде, мектеп түлектерінің үш тілді еркін меңгеруі бойынша 2018 жылы алғаш ағылшын тілінде ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға мүмкіндік берілді. М.Горький атындағы гимназиясының 3 түлегі осы мүмкіндікті пайдаланып, ҰБТ ағылшын тілінде тапсырды, нәтижесінде орташа балл 97 балды құрады.
ҰБТ-ға қатысқан 609 түлектің 3-і болашақ мамандығы ретінде шығармашылық мамандықтарды таңдады. Оларға ҰБТ-да тек Қазақстан тарихын және оқу сауаттылығын тапсыру қажет болды.
2018 жылғы ҰБТ қорытындылары бойынша оқушылардың жетістіктерін талдау келесіні көрсетеді. 259 түлек 100 балдан артық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл көрсеткіш Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік білім беру грантын алуға мектеп түлектерінің мүмкіндіктерін көрсетеді. Қостанай қаласының «бес» үздік түлектеріне келесі оқушылар енді: 133 балл - Малкенова Маржан (№10 ОМ); 132 балл - Сулейменова Элла (№2 МЛ), Майлыбаев Арлан (№15 ОМ); 131 балл – Утимисов Даурен (№10 ОМ), 130 балл - Аханов Ернур (СМГ) Кудебаева Томирис (СМГ).
«Болашақ сарбаз» әскери-спорттық ойын
- Қаралды: 480
2018 жылғы 21 маусымынан бастап 22 маусымына дейін «Отаным тағдырым» негізгі бағытының «Тәрбие және білім» атты бағдарламасына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде жоғары патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға адалдық сезімін қалыптастыру, балалардың әскери қызметке деген ынтасын көтеру, спорттық және қолданбалы спорт түрлеріне қатысу үшін «Болашақ сарбаз» әскери-спорттық ойын өтті.
Бастауыш буын оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық турнирінің нәтижесі
- Қаралды: 472
2018 жылдың 18 -22 маусым аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінің төңірегінде 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» Республикалық математикалық турнирі өткізілді.