«Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының   филиалы  2019-2020 оқу жылында 7-сыныптарды  оқыту үшін  «Өркен» білім беру грантын тағайындауға   үміткерлерді  іріктеу байқауын өткізеді.

Құжаттар 2018 жылдың  26 қарашанынан бастап, 2019 жылдың  19 қаңтарына дейін қабылданады.

Байқау  2019 жылдың 2-3  наурызында өткізіледі.

Конкурстық іріктеуге үміткер  қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

  1. конкурсқа қатысу үшін өтініш;
  2. сауалнама толтыру;
  3. үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. 086/у медициналық анықтама формасы;
  5. үміткердің тұрғылықты орнынан анықтама;
  6. үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек.

       Орта білім беретін ұйымдардың 7-11  сыныптарын толық аяқтаған үміткерлер Зияткерлік мектептердің осы сыныптарында қайта білім алуға үміттенуіне құқығы жоқ;

7. үміткердің 3х4 фотосы – 2 дана;

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.

 

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту негізі болып табылады:

  • Конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімнен өтінішті кешіктіріп берген жағдайда;
  • Көрсетілген құжаттардан басқа құжаттары толық болмаған жағдайда.

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі:

Дүйсенбі – жұма:  9.00 – 17.00.

Сенбі: 9.00 – 13.00.

Түскі үзіліс: 12.30 – 13.30

 

Мереке күндері:  

2018 жылғы  1, 3, 17, 18, 31 желтоқсан күндері

2019 жылғы қаңтардың 1, 2, 7 күндері

 

Құжаттарды қабылдау мекенжайы:

Қостанай қ., Гагарин көшесі, 239

Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қабылдау комиссиясының байланыс телефоны: 999 747

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz