«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2020 жылдың наурыз айында ҰБТ өткізілетінің хабарлайды, құжаттар қабылдау ағымдағы жылдың 1 ақпанан 15 ақпан аралығында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті жанындағы (ППЕНТ 728, Абай даңғылы, 28) және С. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (ППЕНТ 729, Тәуелсіздік көшесі, 118) жанындағы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде жүзеге асырылатындығын хабарлайды.

          Наурыз айында ҰБТ-ға жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының 11(12) сынып бітірушілері қатыса алады.

ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде  келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) нысан бойынша өтініш (ҰБТӨП-те беріледі));

2) көлемі 3x4 сантиметр екі фотосурет;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; бұл ретте он алты жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ, туу туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.

4) оқитын орта білім беру ұйымынан анықтама (2 данада). Бұл ретте бір данасы білім алушыда қалады.

5) тестілеуге қатысқаны үшін төлем туралы түбіртек. Бұл тестілеу ақылы негізде өткізіледі.

ҰБТ тапсырудан кейін(наурыз) алынған сертификат Қазақстан Республикасының  жоғарғы оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін жарамды.

11(12) сынып оқушылары ҰБТ қатысуға өтініш беру үшін мектеп бекітілген пункттеріне ҰБТӨП 728 (Қостанай қ., Абай даңғылы, 28) тел. 55-84-55 және ҰБТӨП 729 (Қостанай қ. Тәуелсіздік көшесі, 118. тел. 545320) келуі тиіс.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz