Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың  короновирустың елімізге енуіне және таралуына жол бермеу шараларын қатаңдату жөнінде тапсырмасы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  хаты негізінде «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі  келесіні хабарлайды.

Қазіргі кезде халық көп шоғырланатын жерлерде жаппай іс-шараларға уақытша тыйым салынуына байланысты 2020 жылдың 24-29 наурыз аралығында орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары үшін ұлттық бірыңғай тестілеу неғұрлым кеш мерзімге кейінге шегерілгенің хабарлайды.

ҰБТ-ны нақты өткізу мерзімі қосымша хабарланатын болады.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz