Білім бөлімінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес а. ж. 2 наурызында Директорлар кеңесі өтті. Кеңесте Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша мектеп басшыларының басқару қызметінің тиімділігін бақылау, білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, балаларды анықтау, отбасыларға орналастыру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты сақтау мәселелері бойынша мектеп әкімшілігінің басқару іс-әрекетінің тиімділігін бағалау мәселелері қарастырылды.

2019 жылғы 6 қарашада сағат 10.00-де балалар мен жасөспірімдер арасында парасаттылық, адалдық және әділдік қағидаттарын енгізу мақсатында Қостанай қаласының барлық білім беру ұйымдарында парасаттылық бірыңғай сабағы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 30 қазанында қалалық балалар шығармашылығы мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ – қоғам жарқын болашақ кепілі» ұранымен мектептік «Адал ұрпақ» тақырыбында патриоттық клубтардың кезекті слеті өтті.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Адал ұрпақ» патриоттық клубтарын жандандыру, балалар мен жастардың әлеуметтік-шығармашылық белсенділігін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қажеттілігі, балалар мен жастардың азаматтық және құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында 019 жылғы 30 қазанда «Қостанайдың жас көшбасшылары» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің Балалар шығармашылық мектебі» КММ-де «Адал ұрпақ» мектеп патриоттық клубтарының қалалық слеті өтті. Слетке №15 ОМ, №10 ОМ, №3 МГ, СМГ, №8 ОМ, №23 ОМ, №115 ОМ, №11 ОМ, ДОМ, №1 МЛ, ФМЛ, №5 ОМ, №2 МЛ, №14 НОМ, №22 ОМ, №19 ОМ, МГГ, №17 ОМ, №18 ОМ, №7 ОМ, №20 ОМ, №122 ОМ, №6 ОМ, №29 ОМ мектептер қатысты. Слет 4 сайыстан тұрды:

"Мемлекеттік қызмет - бұл өмір бойы қызмет" тақырыбы бойынша Мемлекеттік қызмет ардагерлерімен кездесу 25 қазанда "Қостанайдың жас көшбасшылары"ҚБ көмегімен Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде МДТМ-да өтті.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz