"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі" ММ қазақ тілін латын графикасына көшуді ілгерлету, оның мәртебесін көтеру мүмкіндігін қарастыру мақсатында   2018-2019 оқу жылында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес "Латын әліпбиіне көшу - болашаққа қадам" атты дөңгелек үстелін өтті.

Қазіргі әлемде латын графикасы  жаңа технологиялармен және үдеріспен байланысты. Жаңашылдылықтың  басты артықшылықтарының бірі - латын қарпіндегі мемлекеттік тілді меңгере отырып, қазіргі таңда әлемдік қауымдастық айтып, жазып отырған ағылшын тілін меңгеру оңайырақ болады.

Жаңа әліпби заманауи технологияларды пайдалану тұрғысынан барынша ыңғайлы болады. Латын әліпбиіне көшу ең алдымен қазақ әліпбиін және орфография ережелерін реформалауға бағытталған, бұл тіл фонетикасы мен оның графикасы арасында сәйкестікті орнатуға мүмкіндік береді.

 Дөңгелек үстел жұмысына Утегенова Бибигуль Мазановна - Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, "Педагогика" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Талапова Гульнара Маратқызы - облыстық "Тілдарын" тілдерді оқыту орталығы, басшының орынбасары, Каримова Ақтоты Олжабайқызы - Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті секторының меңгерушісі, Шарипова Сания Сәлімғалиқызы - №1 мектеп - лицей директоры, Рахимова Эльмира Ерсәлімқызы- №1 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, Қостанай қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Талқылау барысында қаралған мәселе бойынша әртүрлі пікірлер айтылды.

Дөңгелек үстел барысында латын әліпбиіне көшу қажеттілігі , қазақ сөздерінің айтылу өзгерісі, сондай-ақ латын әліпбиіне көшу артықшылықтары туралы мәселелер талқыланды.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz