Басып шығару
Қаралды: 1328

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ ҚР БҒМ 2017 жылғы 02 мамырдағы № 204 «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру туралы сетрификат беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 15-20 қаңтар аралығында ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетінін хабарлайды.

Ол үшін келесі құжаттар қажет:

Өтініштерді беру did.gov.kz сайтында 2020 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады.

Бұл ретте он алты жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдар туу туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.

Жеке куәлігі немесе төлқұжаты бар, бірақ 18 жасқа толмаған орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып оқушылары ҰБТ-ға қатысу үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің рұқсатымен ғана өтініш бере алады.

Бұл ақпаратты 11 сынып түлектері мен олардың ата-аналарына жеткізу қажет.

Өтінішті сайтта тіркеу туралы ақпарат қоса беріледі.