Басып шығару
Қаралды: 673

Құқық қорғау қызметі-бұл құқық қорғау органдары лауазымдарындағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі.

         «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы №380 – ІV Заңына сәйкес құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға орта білімі бар, он алты жасқа толған адамдар қабылдана алады.

         Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының (бұдан әрі – КТИ) күндізгі оқу факультетіне оқуға түсуге кандидаттарды тарту мақсатында Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қаланың оқу орындарының оқушылары арасында үгіт – түсіндіру іс-шараларын жүргізуде.