14.04.2021 жылы ҚР БҒМ өткізген кеңестің мәліметтеріне, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған ақпаратқа сәйкес, «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ келесіні хабарлайды.

2021 жылғы мемлекеттік грант алу конкурсына қатысуға құқық беретін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 15 сәуірде сағат 17.00-ден басталады. Емтихан күнін оқушылар өздері анықтайды. Тестілеу күнін өзгерту мүмкіндігі жоқ.

Өтініш беру ұлттық тестілеу орталығының https://app.testcenter.kz/auth сайтында жүзеге асырылады.

ҰБТ-ға қатысу үшін екінші талпынысқа тіркелу 1 мамырдан бастап жүзеге асырылады. Тестілеуді екінші рет тапсыруға Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қайта тіркеуден өту қажет.

Тестілеу 2021 жылғы 25 сәуір мен 30 маусым аралығында 5 пән (3 міндетті + 2 бейінді) бойынша электрондық форматта өткізіледі. Тест тапсырмаларының барлығы – 120. Жалпы балл – 140. Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут).

Түлектерге екі әрекет жасалады және екеуі де тегін. Ең жақсы нәтиже есепке алынады. Қорытындымен келіспеген жағдайда түлек сол күні бірден апелляцияға электронды өтініш бере алады.

Тестілеу ережелерінің сақталуын арнайы компьютерлік бағдарлама бақылайды, ол тыйым салынған заттарды қолдану фактілерін автоматты түрде анықтайды. Егер ҰБТ тапсыру кезінде талапкердің смартфонды, смарт-сағаттарды, шпаргалкаларды және т.б. қолданғаны анықталса, тестілеу автоматты түрде тоқтатылады, ал нәтижесі анулизацияланады, тыйым салынған заттарды табу актісі жасалады және оқуға түсуші аудиториядан шығарылады.

Білім беру грантын тағайындау бойынша конкурсқа қатысу үшін ҰБТ-ның шекті балы:

Ұлттық жоғары оқу орындарына – 65 балл,

«Педагогикалық ғылымдар» мамандығы бойынша  – 70 балл,

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» мамандықтары бойынша− 60 балл.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)»– 65 балл.

Басқа жоғары оқу орындарына - 50 балл.    

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz