Осы жылдың қазан айында Қостанай қаласының №16 орта мектебінде көптен күткен  «У  истока» атты  этнографиялық орталығының ашылуы өтті. Осындай орталықты құру бастамашысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мархабат Даировна Ибраеваның айтуы бойынша этнографиялық орталық балаларға өзінің кіші отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу, өз отандастары үшін мақтаныш сезімін ояту, XIX-XX ғасырлардағы тұрмыстық  заттарымен таныстыру, сабақтарда және сыныптан тыс іс-шараларда экспонаттарды пайдалану, көне заттарды сақтау үшін қалыптасады.

2019 жылғы 27 ақпанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» ММ базасында қала оқушылары мен педагогтарына арналған «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» атты дөңгелек үстелі өтті.

2019 жылдың «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің» ММ жоспары негізінде, «Қостанай қаласы білім бөлімінің техникалық шығармашылық мектебі» ҚММ базасындағы «Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру негізінде  «Туған өлкенің табиғаты мен фаунасы» және «Қалдықтардың екінші өмірі» бөлімдерінде «Менің шағын отаным» қалалық сайысы өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде оқушылар арасында әр түрлі қызмет салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізген отандастар мысалында табысты болу идеясын ілгерілету мақсатында 16.02.2019 жылы сағат 11.00-де «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Горький атындағы гимназиясы» ММ базасында оқушылардың биомедицина-ғалымы Саутбаева Зарина Бауржановнамен кездесуі өтті.

"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі" ММ қазақ тілін латын графикасына көшуді ілгерлету, оның мәртебесін көтеру мүмкіндігін қарастыру мақсатында   2018-2019 оқу жылында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес "Латын әліпбиіне көшу - болашаққа қадам" атты дөңгелек үстелін өтті.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №4 орта мектебі» ММ 2018-2019 оқу жылына арналған "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 10 желтоқсанында сағат 12.00-де №4 орта мектебінің Жауынгерлік Даңқ мұражайында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен жас із кесушілердің дәстүрлі кездесуі өтті. Кездесу дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды.

«Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында Мәриям Хәкімжанованың 112 жылдығына орай «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» ММ 5 - 16 қараша аралығында Мәриям онкүндігін ұйымдастыруда. Онкүндік барысында мектеп оқушылары арасында эрудит сайысы, ЭССЕ жазу сайысы, дөңгелек үстел т.б. іс-шаралар күнделікті ұйымдастыруда. Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай мұражайымен бірлесе отырып мектеп кітапханашысы Уаисова Б.А.  «Мәриям тағылымы» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz