• «еgov.kz» порталында ЭЦҚ пайдаланудың қандай артықшылақтары бар?

Бүгiнгi күнi, тұрғындардың көп бөлiгi қызметтердi дағдылы нысанда алуды ойлайды, яғни, мекемелерге өзi дербес барады, құжаттарды қағаз тасушыларда жинайды. Сонымен, құжаттарды толтыруға көп уақыт кетедi, әр түрлi ведомстволарға барады. Мемлекеттiк қызметтердi электрондық түрде алу осы барлық мәселелердi шешедi. Осы мақсаттар үшiн мемлекеттік қызмет «egov.kz» веб-порталы құрылған, жұмыстың негiзгi мақсаты әкiмшiлiк кедергiлердi төмендету, қызметтi көрсету рәсiмiн жеңiлдету және оларды көрсету мерзiмiн қысқарту, әр түрлi аумақтарда тұратын азаматтарға қызмет көрсету үшiн бiрыңғай стандарттарды енгiзу болып табылады.

  1. ЭЦҚ деген не?

Кез-келген анықтаманы алу кезінде қағаз тасмалдаушыға қол қойамыз. Электрондық құжаттың заңды күші болу үшін қағаз түріндегідей қойылатын жеке адамның қолы. Ол үшін біз электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланамыз.

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – өз қолтаңбасының аналогы. Бұл сіздің кәдімгі қолтаңбаңыздың скан-нұсқасы емес, ЭЦҚ-да өзінің иесі туралы қажетті барлық ақпарат сақтаулы, мысалы, ЖСН және өзіне бірнеше цифрлық символдарды құрайды. ЭЦҚ-мен қол қойылған сұрау немесе құжат мәліметтер беру үрдісінде мәліметтердің өзгермегендігі және бұрмаланбағаны туралы ЭЦҚ кепіл береді. ЭЦҚ халыққа қызмет көрсету орталықттарында тегін беріледі.

 

  1. «еgov. kz» порталында ЭЦҚ пайдаланудың қандай артықшылақтары бар?

ЭЦҚ-ны электрондық үкімет порталында пайдаланудың негізгі артықшылақтары:

  • Мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін өзіңізге ыңғайлы кез-келген уақытта алу мүмкіндігі: тәулік бойы, аптасына жеті күн;
  • Облыс және республиканың мемлекеттік органдарының қабылдау бөлмелеріне электрондық өтініштерді беру мүмкіндігі. «Электрондық өтініш» сервисіне сілтеме порталдың оң блогында пайдаланушы тіркелген соң пайда болады.
    1. Білім бөлімінде ЭЦҚ көмегімен қандай электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға болады?

    ЭЦҚ арқылы Сіз келесі мемлекеттік қызметтерді  онлайн режимінде ала аласыз: 

    «еgov.kz» порталының «Отбасы» бөлігінде онлайн режимінде:

    1. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру»;
    2. «Патронаттәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»;
    3. «Бала асырап алуға тілек білдіргенадамдарды есепке алу»;
    4. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»;
    5. «Қорғаншылық және қамқоршылықжөнінде анықтама беру»;
    6. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалрдың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтама беру»;
    7. «Кәмелетке толмаған балаларғаменшік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»;
    8. Бала-бақшаға кезектілік нөмірін қарау.

    «еgov.kz» порталының «Білім» бөлігінде онлайн режимінде:

    1. «Мектепке дейінгі балаларұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7жасқа дейінгі) балаларды тіркеу»;
    2. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернатнысанында оқытуға рұқсат беру».

    Жеке уақытыңызды едәуір үнемдеу үшін, сонымен қатар тез және сапалы мемлекетік қызметті алу мақсатында «еgov.kz» порталына тіркеліңіз.

    Анықтама алу телефондары:

    54-52-28 – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және мүдделерін сақтау секторы;

    54-36-14, 54-27-20 - мектепке дейінгі білім бөлімі;

    54-71-30 - жалпы орта білімді дамыту секторы.

    gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
     kazteleradio egov semya kaz