Басып шығару
Қаралды: 1662

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ "Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы №28 бұйрығын назарға жеткізеді.

Бірінші сыныпқа оқуға түсу үшін білім беру ұйымдарына келесі құжаттар пакетімен жүгіну қажет:   

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) 2008 жылға дейін туылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген));
4) баланың 2 данада 3х4 сантиметр өлшеміндегі фотосурет;

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныптарына баратын балалардың ата-аналарынан немесе басқа заңды өкілдерінен осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін жүзеге асырылады.