• Тегін ыстық тамақ алу үшін ...

Құрметті ата-аналар! Қалалық мектептердегі оқушылырының тегін ыстық тамақтануды алуға «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ келесіні хабарлайды.

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік стандартына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген (2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 650 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы) осы стандарттын регламентімен, Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 284 қаулысымен бекітілген (2018 жылғы 27 маусымдағы № 300 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы) жалпы білім беретін мектептерде тегін тамақтануға оқушылардың келесі жеке санаттарына беріледі:

  1. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін (АӘК алушысы);
  2. жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін (кедей);
  3. отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі, жетім баланың (балалардың) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге арналған;
  4. төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін;  
  5. білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін.

Осы стандарттың 9-тармағына сәйкес, мектепте тегін тамақтануды алу үшін, өтініш беруші баланы оқыған білім беру ұйымына өтініш жасайды және мынадай құжаттар топтамасын толық ұсынады:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет);

3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);

4) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

5) мәртебесін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);

отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі, жетім баланың (балалардың) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берілгені туралы шарт;

төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін – төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемнің қажеттілігін дәлелдейтін құжат;

білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымының алқалық органның шешімі.

Әлеуметтік көмек алу туралы мәселе бойынша (бұрынғы әлеуметтік код) өтініш берушілері «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» ҚМУ-ға жолығулары қажет, Қостанай қ, Әл-Фараби даңғ. 65 мекен жайында орналасқан, байланыс телефоны:52-20-44,  54-20-43, 52-20-46.

Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету және тиісті толық құжаттар топтамасымен өтініш тапсыруға кеңес алу үшін балаңыз оқыған мектептің әкімшілігіне хабарласыңыз.

Білім беру бөлімінде кеңес алу: тел. 54-52-28, қабылдау күндері: дүйсенбі, сәрсенбі сағат 09.00-ден 18.30-ға  дейін (түскі үзіліс - сағат 13.00 -14.30).

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz