«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімді және құжаттарды берудің артықшылығы

Қазақстанда ақпараттық технологиялардың тарату кең тарауы, электрондық үкіметтің дамуы, электрондық құжат айналымын енгізу жағдайында электрондық қызметтерді ұсыну өзекті және тәжірибелік маңызды болып табылады.

 Білім бөлімінде мемлекеттік қызметтер алтернативті негізде ұсынылады, яғни тек білім бөлімінің кеңсесі арқылы ғана емес, сонымен қатар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да жүзеге асырылады.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімді және құжаттарды берудің артықшылығы мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісінің айқындылығы және уақыт үнемдеу болып табылады.

Сіз жеке кабинетіңіз арқылы, үйден шықпай, өз кезегіңізді күтпей, өтінім бере аласыз.

Толық ақпаратты төменде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша ала аласыз:

54-96-66, 54-52-28 – балалардың құқықтарын қорғау және олардың мүдделерін сақтау секторы;

54-27-20 – мектепке дейінгі білім секторы;

54-71-30 – жалпы орта білімді дамыту секторы;

Балалардың құқықтарын қорғау және олардың мүдделерін сақтау секторының қабылдау күндері: дүйсенбі, сәрсенбі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетілу тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинет» қашықтан қатынасу режимінде алу мүмкіндігіне ие, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы да ала алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, қызмет берушінің www.bala-kkk.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс телефоны «1414».

Қызмет алушы мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған жағдайда, портал арқылы электронды нысанда ала алады.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz