Қостанай қ. мектептерінің 9 сынып оқушыларына арналған «Ұл мен қыз балалар арасындағы тұлғааралық қатынастардың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша «Отбасы психологясы» жаңа авторлық факультативті курсы бойынша дәрістер өткізілді.
Білім беру ұйымдарының педагог-психологтары білім бөлімінің психология практикасының ресурстық орталық мүшелерінің қолдауымен 9 сынып оқушыларына арналған «Отбасы психологиясы» факультативті курсын зерттеу шеңберінде «Ұл және қыз балалар арасындағы тұлғааралық қатынастардың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша дәріс өткізілді. Дәріс барысында оқушылар мен ересектер арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың ерекшеліктері қарастырылды.
Сонымен қатар қаланың мектеп психологтары жасөспірімдердің достығы және махаббаты түсініктерін ашты. «Адамдарға достықтың қажеттілігі» тақырыбы бойынша пікірталас өткізілді. Дәріс аяқталған соң, 9 сынып оқушыларына ұл және қыз балалар арасындағы тұлғааралық қатынастарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.