2020 жылы 27 ақпанда «Мирас» қалалық мәдениет сарайында мектеп пен қаланың мәдени өміріндегі жыл сайынғы дәстүрлі, жарқын оқиғаға айналған кадет балы өтті.

2020 жылдың 28 ақпанында балалар шығармашылығы мектебінде «ALTYN DOMRA» Қостанай қаласының оқу орындары арасында домбыра музыкасының жас орындаушыларына арналған  қалалық байқауы өтті.

2020 жылдың 8 ақпанында Т.Е. Дәулетбаев атындағы жыл сайынғы дәстүрлі «Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының табысты кілті–жас ұрпақтың интеллектуалдық кепілі» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция ұйымдастырушылары: «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми–практикалық орталығы,  «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика – математикалық лицейі» ММ

 15 қаңтар мен 30 қаңтар аралығында қалалық балалар шығармашылығы мектебінің 1 қабатының фойесінде «Art-house» сәндік-қолданбалы өнер, «Живая кисть» бейнелеу өнері және «Алтын ине» тігін шеберлігі студиясы тәрбиеленушілерінің көрмесі өтті. Көрме қысты, оның ауа-райы жағдайына, қысқы кезеңде қауіпсіздікті сақтау ережелеріне арналған және ART-Story «Қысқы демалыс» атты атпен өтті.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Қостанай қаласы балалар шығармашылығы мектебінің концерт залында «Жүйріктен жүйрік озар!» атты V қалалық балалар шығармашылығы фестивалінің ашылуы өтті. Байқау 4 номинация бойынша ұсынылды: хореография, фотосурет, бейнелеу өнері, көркем сөз, театрландырылған көрініс және олардың барлығы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған. 

25 қаңтарда Қостанай қаласының балалар музыкалық мектебінде жас музыканттардың республикалық байқауының қалалық іріктеу кезеңі өтті.

 «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

Әлеуметтік жобалар бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін алдын ала бағалауды жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп, 2019 жыл

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz