Бәсекеге қабілетті, прагматикалық тұлғаны қалыптастыруда, түлектің білімін және  жаңа идеяларға талпынысын дамыту мақсатында 2017 жылғы 21 желтоқсанда қалалық балалар шығармашылық мектебінің базасында мектеп көшбасшыларына арналған Қостанай қаласы әкімінің атынан жаңа жылдық шырша өткізілді. Шыршаны ұйымдастырушы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ болып табылады.

         Іс-шараға 105 мектеп көшбасшылары қатысты: облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік, ғылыми, шығармашылық және спорттық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Тамаша концерттік бағдарламадан кейін Қостанай қаласының әкімі Б.Ш.Жақыпов жаңа жыл кешінің қатысушыларына құттықтау сөздерін жолдады, оқушылардың жұмысына және мақсаттылығына, олардың ғылыми, шығармашылық және спорт шыңдарына ұмтылыстарына ризашылығы мен алғыс сөздерін білдірді. Әкім 10 оқушыға «Үміт» мүсіншелері мен алғыс хаттарын табыстады. «Менің туған өлкем – Қазақстан» шығармалар байқауының 5 жеңімпазы  баспа сыйлықтарымен марапатталды.

         Марапатталғандардың ішінде Қостанай қаласының келесі оқушылары болды:

Иовбак Артём, МГГ

Яценко Анжелика, МГГ

Жүндібаев Рүстем, МГГ       

Богданчикова Ксения, ФМЛ 

Дакишева Мадина, МГГ       

Есетов Даулет, №1 МЛ

Канапьянова Эльмира, №7 ОМ

Нуртаева Лаура, СМГ

Карачурина Валерия, №19 ОМ      

Сибирякова Ангелина, №22 ОМ

Қабдікәрім Айдана, №115 ОМ       

Ерназар Зауре, №15 ОМ

Скрипкова Марина, №16 ОМ

Каргина Татьяна, ФМЛ

Төленбекова  Аружан, СМГ

           Оқушылар жауап сөздерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, Қостанай қаласында оқушылардың дарындылығын дамыту үшін барлық жағдайлар жасалғанын, сонымен қатар ғылымның, спорт және шығармашылықтың әр түрлі  саласында  өз-өзін көрсетуге жаңа мүмкіндіктердің болуын атап айтты. 

1 2 3

4 5 6

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz