Ақыл-ой және рухани дамудың қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным-тағдырым» базалық бағытының жүзеге асыру аясында 5-10 сынып өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» Республикалық олимпиадасы 2018 жылдың 2-5 қаңтар аралығында Астана қаласында өткізілді.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді: оn-line режимінде өткен кезеңінің нәтижелері бойынша Қостанай қаласының үш қатысушысы қорытынды кезеңге өткен болатын. ІІ кезеңге үш қатысушы қатысқан болатын: А.М.Горький ат.гимназияның 9 сынып оқушысы Латыпова Ирина және №9 орта мектебінің 7  сынып оқушылары Фирсова Анна және Равшанбекова Дияна.

Олимпиаданың бірінші күні оқушылар аудару, грамматика, лексика мен оқу тапсырмаларын орындады. Екінші күні олимпиаданың Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына саяхат жасады. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қостанай қаласының қатысушылары І орынды иеленді.

Олимпиаданың жеңімпаздарын және пән мұғалімдерін жақсы нәтижемен құттықтаймыз!

1 4

2 3

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz