2018 жылдың 17 қаңтар күні физика-математикалық лицейінің төңірегінде 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық математикалық турнирінің 2 кезеңі өткізілді.

«Бастау» Республикалық математикалық турнирінің мақсаты шығармашылық қарым-қатынас үшін топтық жарыстар түрінде арнайы жағдайлар жасау, төменгі сыныптардың математика саласында ең қабілетті оқушылар мен жас оқушылардың когнитивтік және шығармашылық белсенділігін ынталандыру, математика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

2 кезеңде Қостанай қаласының білім мекемелерінен 34 құрама қатысты. Әр құрамада үш қатысушысы (әр параллельден бір қатысушы). Өткізу тілдері орыс және қазақ. Турнирдің ережесіне сәйкес әр құрамада есептің жауапбын тапсыруға екі мүмкіндік бар. Егер есептің жауабы бірінші мүмкіндіктен дұрыс болса, құрама максималды ұпай алады, ал егер екінші мүмкіндіктен есепті қате шығарса, 0 ұпай беріледі. Есептерді шығаруға 30 минут уақыт беріледі. 2 кезеңнің қорытындысы бойынша ең үлкен ұпай жинаған құрамалар:          

1 лига – физика-математикалық лицейі және №24 мектеп-гимназиясы;           

2 лига – №20 орта мектебі;           

3 лига – Чапаев негізгі мектебі.           

Турнирдің келесі кезеңі 2018 жылдың сәуір айында өткізіледі.

1 2

3 4

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz