2018 жылдың қаңтар айының 17-24 дейін 6-11 сынып оқушылары арасында «Төгіледі қаламымнан әсем жыр» облыстық өлеңдер конкурсының сырттай қалалық кезеңі өткізілді. Конкурстың мақсаты поэзиялық шығармалар жазу, өлең шығаруда қабілеттері бар дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, туған өлкенің тарихын, сонымен қоса белгілі адамдардың өмірі мен шығармашылығын зерттеп- білуге оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Конкурсқа қатысушылар мемлекеттік және орыс тілдерінде өлеңдер ұсынды. Конкурс тақырыбы: «Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астананың 20-жылдығы», «Менің кіші отаным», «Қостанай облысының белгілі тұлғалары».

Қалалық кезеңге қаланың 9 мектебінен 21 өлең ұсынылды. Конкурстың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

Өлең авторының аты-жөні

Сынып 

Мектеп

 

Өлең атауы

Жетекшінің аты-жөні

 

Орын 

1

Жұлмұхаметова Айнұр

10

№23 ОМ

«Ұлы Абай атамыз»

Отешева Назира Кабиденовна

І

2

Остроумова Анна

9

№3 МГ

«Что для счастья человеку надо?»

Семёнова Наталья Александровна

І

3

Сабыржан Мейрам

11

№9 ОМ

«Менің кіші отаным»

Маткеева Ұлзира Қанатбайқызы

ІІ

4

Сложеникин Александр

6

№6 ОМ

«Я, Казахстан, тебя люблю!!!»

Гаджиева Лариса Владимировна

ІІ

5

Молдашбекова Аружан

7

№11 ОМ

«Қостанай облысының белгілі тұлғалары»

Кокышева Гульзира Оралбековна

ІІІ

6

Исмагулова Камилла

10

№18 МГ

«Мой Казахстан»

Кучеренко Татьяна Николаевна

ІІІ

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ дәрежелі мадақтамалармен марапатталды.

Конкурстың қорытындысы бойынша Жұлмұхаметова Айнұр, Остроумова Анна және Сабыржан Мейрамның өлеңдері облыстық кезеңге ұсынылды.

Барлық жүлдегерлерді және жетекшілерді жеңіспен құттықтаймыз! 

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz