2018 жылдың 29 – 31 қаңтар аралығында «Балдәурен» РОСО базасында 1-7 – сынып оқушылары үшін «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар Республикалық байқауының  қорытынды кезеңі өткізілді.  

Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

 Конкурстың негізгі міндеттері:

  • зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
  • оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым- қатынастарын ұйымдастыру;
  • қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару.
  • Конкурсқа жас зерттеушілер 1-7 сынып оқушылары, жеке және топтық құрамада қатысты.

    Конкурсқа 1-7 сынып оқушылары келесі секциялар бойынша ұсынды: өлкетану, тарих, математика, жантану, информатика, биология, экология, медицина

    Қорытынды кезеңге Қостанай қаласының құрамы 10 жоба ұсынды. Қостанай құрамасын МГГ, ФМЛ, №2МЛ, №3МГ, №9 ОМ, №10 ОМ, №17 ОМ құрады.

    Ұсынылған 10 жобадан Қостанай 10 жүлделі орын иеленді, соның ішінде 3 – бірінші, 7- екінші орындар. Барлық жеңімпаздар «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының І және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

    Қатысушының Т.А.

    Сынып 

    Мектеп

    Секция

    Жетекшінің Т.А.Ә.

    Орын

    1

    Искандирова Татьяна

    5

    ФМЛ

    өлкетану

    Симкова Надежда Николаевна

    І

    2

    Наурзбай Айдос

    7

    №9 ОМ

    медицина

    Байшина Гулжихан Жанбыршиновна

    І

    3

    Бондарь Эльза

    4

    №17ОМ

    биология

    Конвисарова Елена  Ивановна

    І

    4

    Сарсенбаева Инеш

    Хан Ксения

    7

    МГГ

    экология

    Бублий Наталья Григорьевна

    ІІ

    5

    Оримбаева Дильназ

    6

    ФМЛ

    математика

    Невгод Людмила Валерьевна

    ІІ

    6

    Зверев Валентин

    4

    ФМЛ

    өлкетану

    Хаматзянова Регина Ринатовна

    ІІ

    7

    Николаенко Валерий

    4

    №2 МЛ

    экология

    Карпыкова Гульнара Минитагировна

    ІІ

    8

    Кошевой Константин

    4

    №2 МЛ

    информатика

    Карпыкова Гульнара Минитагировна

    ІІ

    9

    Баяхметов Дастан

    4

    №3 МГ

    жантану

    Бузанова Лямзия Амантаевна

    ІІ

    10

    Аманжол Темир

    4

    №10ОМ

    тарих

    Шарденбаева Жанар Кайратовна

    ІІ

    Жыл сайын оқушылардың ең үздік жобалары «Зерде» конкурсының қорытынды кезеңіне жіберіледі. Соңғы екі жылдың ішінде Республикалық деңгейде біздің оқушылардың қатысу нәтижелілігін көруге болады: 2017 жыл– тоғыз оры, 2018 жыл– 10 орын.

    Қаланың білім беру мекемелерінде кіші және орта жасты буындарда оқушылардың зерттеу мәдениетінің дамуына жеткілікті дәрежеде көңіл аударылатынын атап кетуге болады.

    Барлық жеңімпаздарды және жетекшілерді жеңіспен құттықтаймыз! 

    gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
     kazteleradio egov semya kaz