2020 жылдың 28 ақпанында балалар шығармашылығы мектебінде «ALTYN DOMRA» Қостанай қаласының оқу орындары арасында домбыра музыкасының жас орындаушыларына арналған  қалалық байқауы өтті.

Байқау бағдарламасының мақсаты мен міндеттері: жас таланттарды анықтау, тәжірибе және идеялар алмасу, жаңа шығармашылық жолды тану, қазақ домбыра музыкасының мәдениеті мен өнерімен танысу үшін қала жастары мен жасөспірімдеріне барынша кең мүмкіндіктер беру, музыкалық өнердің эстетикалық деңгейін арттыру.

Байқауға 20 білім беру ұйымынан 7-18 жас аралығындағы жасөспірімдер және жас музыкант-аспапшылар (9 жасқа дейін – кіші топ, 9 жастан 13 жасқа дейін – орта топ, 14 жастан 18 жасқа дейін – жоғары топ) қатысты. Олар: №10 ОМ, №15 ОМ, №24 МГ, СМГ, №20 ОМ, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп, № 3 МГ, №115 ОМ, СМГ, №9 ОМ, №29 ОМ, №5 ОМ, №22 ОМ, №19 ОМ, №16 ОМ, №28 МГ, №11 ОМ, №8 ОМ, №7 ОМ, қосымша білім беру орталығы. Қатысушылар арасындағы үзілістерде сахнада «Алтынай» халықтық-үлгілі би ансамблі мен балалар шығармашылығы мектебінің «VIVO» вокалдық студиясы өнер көрсетті. 

Қатысушылардың шығармашылық нөмірлерін құзыретті қазылар алқасы бағалады: «Kostanay music games» республикалық аспаптық байқауының 2 дәрежелі лауреаты және «Алматы күз» халықаралық аспаптық байқауының 1 дәрежелі лауреаты Балтабаев Айбек Базарбайұлы; «Бозторғай» республикалық байқауының 1 дәрежелі лауреаты, домбыра сыныбының мұғалімі Галымов Аян Жақияұлы; Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогы, Шабыт сыйлығының лауреаты Амирхан Наурызбай Касенгалиевич.

Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

«СОЛО» номинациясының жеңімпаздары

КІШІ ТОП (9 жасқа дейін)

1 ОРЫН Канапин Дархан (№24 МГ);

2 ОРЫН– Жылқыбай Қасым (№15 ОМ);

3 ОРЫН – Молдашев Нуржан (№20 ОМ);

ОРТАҢҒЫ ТОП ( 9 жастан – 13 жасқа дейін)

Бас жүлде – Санай Санжар (№24 МГ);

1 ОРЫН – Серікбек Ілияс (№29 ОМ);

2 ОРЫН – Куставлетов Санжар  (ПҚКО қосымша білім беру);

3 ОРЫН – Круч Дамир (№3 МГ);

ЕРЕСЕК ТОП (14 жастан – 18 жасқа дейін)

1 ОРЫН – Муханбетжанов Олжас (Ы.Алтынсарин атындағы мектеп);

2 ОРЫН БаймуханбетовАрлан (СМГ);

3 ОРЫН Агайдарова Дарина (ПҚКО қосымша білім беру).

 

«АНСАМБЛЬ»  номинациясының жеңімпаздары

КІШІ ТОП (9 жасқа дейін)

1 ОРЫН – Ансамбль «Балдәурен» №24 МГ;

2 ОРЫН– Ансамбль «Домбыра Дастан»;

  ОРТАҢҒЫ ТОП (9 – 13 жас)

1 ОРЫН – Ансамбль №20 ОМ;

2 ОРЫН– Ансамбль «Өрнек» СМГ;

3 ОРЫН– Ансамбль «Жас толқын» №10 ОМ;

ЕРЕСЕК ТОП (14 - 18 жас)

1 ОРЫН-«ДомбыраДастан» (ПҚКО қосымша білім беру);

2 ОРЫН-Ансамбль №20 ОМ.

23145 

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz