2018 жылғы 07 шілдеде «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Горький атындағы гимназиясы» ММ бастауыш сынып кабинеттері үшін интерактивтік жабдықтар (проректор, тақта) салтанатты түрде ұсынылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру шеңберінде демеушілік көмекті гимназия оқушысының ата-анасы және «Нұр Отан» партиясымен бірлесе «Каз Интер Уголь» ЖШС директоры Е.Е.Брежкина көмек көрсетті. Заманауи жабдықтар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс істейтін  бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек болады.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің А.М.Горький атындағы гимназиясы» ММ цифрлық технологиялар кабинеті өз жұмысын жазда да жалғастырады. Болашақтың қызығушылығы мол инженерлері мен роботты ұнататындар үшін ашық. Балалар инженерлік модельдеу, электроника және робототехника негіздерін оқып жатыр.

Балаларды қорғау күні  -  ерекше мереке! Бұл күні ересектердің барлық күштері кішкентайларға шағын ғажайып әлемін сыйлауға бағытталған, бахыт пен күлкі әлеміне енуге мүмкіндік береді.

2018 жылы 18 мамырда Қостанай қаласының білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес №17 мектеп базасында «Табиғатқа қадам» атты экологиялық туристердің қалалық жиналысы өткізіліп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Тәрбие және білім» атты кіші бағдарламалар өткізілді. Кездесудің мақсаты туризмді спорт ретінде жақсарту, физикалық қасиеттерді дамыту, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапты сезім.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ және дарынды балалармен жұмысы бойынша «Дарын» қалалық орталығының 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілін оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында дарынды балалармен жұмысы бойынша «Дарын» қалалық орталығы, 2-4 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі бойынша «Білгіштер»  қалалық зияткерлік-танымдық ойын өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017-2018 оқу жылында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №18 мектеп-гимназиясы» ММ аясында 5-7 сынып оқушыларына арналған география, тарих және өлкетану пәндері бойынша «Маусымның ашылуы» қалалық зияткерлік-танымдық ойыны өткізілді.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz