2018 жылдың 5 наурыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында №18 мектеп-гимназиясы төңірегінде 5-7 сынып оқушыларына арналған «Маусымның ашылуы» қалалық ойынның 3 кезеңі өткізілді.

Қаланың мектеп оқушылары ұлттық дәстүрлер мен салттарды терең ұғынуға көмек көрсету үшін қалалық балалар шығармашылық мектебі, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ ДЭО «KURALTAI» «Қоғандық келісім» КММ бірлесе «Менің Отаным-Қазақстан» ұлттық фестивалін өткізеді.

2018 жылғы 23 ақпаны мен 6 наурыз аралығында Дэджон қаласында (Оңтүстік Корея) «Жас ғалым» халықаралық ғылыми байқауы өткізілді. Жыл сайын Қостанай облысының оқушылары осы байқауға қатысады. Осы жылы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ 10 сынып оқушысы Хан Артем қатысты. Артем «Жер және космос туралы ғылым» секциясында өз жұмысын қорғады. Артемның «Юпитер и Солнце - двойная звездная система» ғылыми жұмысы III орынды иеленді.

2018 жылғы 27 ақпанда №1 МЛ базасында «Қостанай қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ мамандарының шақырылуымен«Мектептің инновациялық даму кеңістігіндегі мектеп кітапханасының рөлі» тақырыбы бойынша мектеп кітапханашыларының қалалық әдістемелік бірлестігінің семинары өткізілді.

2018 жылдың 24 ақпан күні Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернаты» КММ аясында «KATEV» Халықаралық қоғам қорының бастамасы бойынша мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында дәстүрлі түрде орыс және қазақ тілінде оқыту жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» қазақ тілі бойынша оқушыларға арналған Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

2018 жылдың 19-23 ақпан аралығында Астана қаласында «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол»Республикалық семинар-тренинг өткізілді. Қостанай облысының делегация құрамына №5 орта мектебі, №9 орта мектебі, №15 орта мектебі, №20 орта мектебі және №23 орта мектебінің оқушылары кірді.

 2018 жылғы 21 ақпанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және Цифрлық Қазақстан жобасының шеңберінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қостанай қаласының екі білім беру ұйымында, яғни «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің техникалық шығармашылық мектебі» КММ және «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Горький атындағы гимназиясы» ММ базасында «Цифрлық технологиялар» кабинеттері ашылды.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz