2018 жылдың 17 ақпан күні «Қостанай дарыны» ӨҒПО төңірегінде 9-11 сынып оқушылары арасында роботты техника бойынша облыстық олимпиадасы өткізілді. Қостанай қаласынан №7 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Тыщенко Илья қатысты. Ең алдымен қатысушылар жазбаша тапсырма орындаса, содан кейін баяндамаларды қорғау өткізілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Илья қола медальге ие болды.

Экономикалық бағдарламаларды,  экономикалық білім беруді дамыту және оқушылардың кәсіптік даярлауды тарату мақсатында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылдың 14 ақпан күні А.М.Горький атындағы гимназияның төңірегінде экономика бойынша оқушылардың Республикалық турнирінің облыстық кезеңін өткізді. Турнирге қаланың 10-11 сынып оқушыларынан жиналған 28 қатысушылар қатысты.

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2018 жылдың 06 ақпан мен 13 ақпан аралығында «Кітапшаның апталығы» атты қалалық сырттай педагогикалық жобалар байқауы өткізілді. Байқауға 30 білім беру мекемелері қатысты: бөбекжай-бақшалар № 2, 3, 4, 5, 7, 9, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 27, 40, 44, 54, 61, 69, мектеп-бақша-гимназия, Антошка, Е.Терехованың бүлдіршіндерге арналған мектебі, Солнышко, Солнышко-2, Гнездышко, Ақжелкен, Аружан, № 1 МЛ, № 8, 9,16 орта мектептері.

2018 жылғы 8 ақпанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Talаnt! Music! Children!»  IV қалалық балалар шығармашылық байқауының гала-концерті өткізілді.

2018 жылғы 7-9 ақпан аралығында балалар шығармашылық мектебінде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде «Tanager Fashion» жас модельер-дизайнерлерің қалалық байқауы өткізілді.

Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Астана қаласында 2018 жылғы 4 ақпанда «Таңғы шұғыла» халықаралық фестивалі өткізілді. Оған Қостанай қаласының оқушылары қатысты. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Балалардың заманауи бастамалары – Рухани жаңғыру негізі» тақырыбындағы «Балалардың бастауы-2018» балалардың әлеуметтік бастамалары байқауы өткізілді.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz