Ақыл-ой және рухани дамудың қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным-тағдырым» базалық бағытының жүзеге асыру аясында 5-10 сынып өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» Республикалық олимпиадасы 2018 жылдың 2-5 қаңтар аралығында Астана қаласында өткізілді.

Ұлы Отан соғысының атақты жауынгері, аты аңызға айналған қолбасшы, халық батыры, көрнекті қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлының шығармашылығын жас ұрпақтың арасында  насихаттау және поэзияға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында   ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні Бауыржан Момышұлы атындағы №5 орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бауыржан оқулары» сайысы болып өтті. Сайысқа қаламыздағы жалпы білім беретін мектептерден 56 оқушы қатысты. Сайыс 4 номинация бойынша өткізілді: « Көркем сөз оқушы», «Жас қаламгер», «Суретші-иллюстратор», «Жас оператор».

Бәсекеге қабілетті, прагматикалық тұлғаны қалыптастыруда, түлектің білімін және  жаңа идеяларға талпынысын дамыту мақсатында 2017 жылғы 21 желтоқсанда қалалық балалар шығармашылық мектебінің базасында мектеп көшбасшыларына арналған Қостанай қаласы әкімінің атынан жаңа жылдық шырша өткізілді. Шыршаны ұйымдастырушы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ болып табылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарға сәйкес, 207 жылғы 15 желтоқсанда №23 ОМ базасында «Қоғамдық сананы жаңғырту: «Алаш» партиясының 100 жылдығына арналған «Алаш» және Тәуелсіздік идеяларының сабақтастығы» дөңгелек үстелі өткізілді.

 2017 жылдың 08 желтоқсанында Қазақстан Республика Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» қалалық балалар шығармашылық конкурсы болып өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарға сәйкес, 2017 жылғы 06 желтоқсанда «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №16 орта мектебі» ММ-нде «Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына өзінің салмақты үлесін қосқан қазіргі заманның батырлары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру бойынша  балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін және танымдық мүдделерін ынталандыру мақсатында 2017 жылдың 17 мен 23 қараша аралығында 1-7 сынып оқушыларына арналған «Қостанай қаласының тарихи және әдеби ескерткіштері» сырттай конференция өткізілді.

gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
 kazteleradio egov semya kaz