«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарға сәйкес, 207 жылғы 15 желтоқсанда №23 ОМ базасында «Қоғамдық сананы жаңғырту: «Алаш» партиясының 100 жылдығына арналған «Алаш» және Тәуелсіздік идеяларының сабақтастығы» дөңгелек үстелі өткізілді.

 2017 жылдың 08 желтоқсанында Қазақстан Республика Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» қалалық балалар шығармашылық конкурсы болып өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарға сәйкес, 2017 жылғы 06 желтоқсанда «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №16 орта мектебі» ММ-нде «Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына өзінің салмақты үлесін қосқан қазіргі заманның батырлары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру бойынша  балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін және танымдық мүдделерін ынталандыру мақсатында 2017 жылдың 17 мен 23 қараша аралығында 1-7 сынып оқушыларына арналған «Қостанай қаласының тарихи және әдеби ескерткіштері» сырттай конференция өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асыру бойынша  оқушылардың ғылыми-танымдық қызметін ынталандыру және Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 20 қарашадан 6 желтоқсанға дейін 8-11 сынып оқушыларына арналған Қостанай облысының мәдени және тарихи ескерткіштері шығармашылық жобалар конкурсы өткізілді.

2017 жылдың 28 қараша  күні Физика-математикалық лицейі төңірегінде  Республикалық конкурстың ғылыми жобаның облыстық кезеңі өткізілді.

          Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

  • оқушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру;
  • талантты және дарынды жас зерттеушілерді іздеу және қолдау;
  • Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
  • Республикалық ғылыми жобалар конкурсы – «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері» тақырыбы аясындағы төрт бағыт бойынша өткізіледі:

    1. «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны» (физика, техника, Жер және космос туралы ғылым);
    2. «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу» (информатика, математика, қолданбалы математика, экономика);
    3. «Таза табиғи орта – Қазақстан - 2050 стратегиясын іске асырудың негізі» (биология, адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау, химия);
    4. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары» (тарих, өлкетану, этномәдениеттану, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, тіл білімі (қазақ, орыс, шетел тілдері)).

    Қала құрамасының қоржынында ұсынылған 66 жобадан 42 жүлделі орын. Соның ішінде бірінші – 9, екінші – 14, үшінші  - 19. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

    Жеңімпаздар мен жетекшілерді жақсы көрсеткіштермен құттықтаймыз! 

     «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес 2017 жылдың 24 қараш күні М.Горький ат.гимназиясы аясында 2-4 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі бойынша «Білгіштер» қалалық зияткерлік-танымдық ойынның 1 кезеңі өткізілді. Ойынға 31 топ құрамасы қатысты. Барлық топтар 3 лигаға бөлінді: І және ІІ лигалар орыс тілді оқитын мектептер және ІІІ лига қазақ тілде оқитын мектептер үшін. Ойынды А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушылары бағалады. Ойынды М.Горький ат.гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі пәні мұғалімі Бахыткуль амандоловна Кельдибаева жүргізді. Ойын тақырыптары1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналды.

    gos zakup kazҰлттық білім беру деректер қорыegovbilimland logotip
     kazteleradio egov semya kaz