Басып шығару
Қаралды: 208

Ағымдағы 2021 жылдың 25-27 наурыз аралығында Қостанай қаласының хореографиялық мектебінің «Карнавал» базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында  қазақ биін  оқыту әдістемесі бойынша оқыту семинары болып өтті.

Іс-шараның мақсаты - ұлттық бірегейлікті сақтау, қазақ биін оқытуда кәсіби деңгейді арттыру, білім алушылардың рухани, көркемдік эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, қазақ хореографиясының ұлттық ерекшелігін және ұлттық мәдениеттің фольклорлық дәстүрлерін сақтау.

Семинарды Қостанай қаласының «Карнавал» хореографиялық мектебі ұйымдастырды. Екі күн бойы «Карнавал» хореографиялық мектебінің мұғалімдері мен оқушылары, Қостанай педагогикалық колледжінің хореография бөлімінің студенттері мен педагогтары үшін, Нұр-сұлтан қаласының ұлттық хореография академиясының қазақ би зертханасының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты және профессор Тойған Ізім Оспанқызы сабақ өткізді. Ізім Оспанқызы -қазақ би фольклорын зерттеуі мен дамытудың қас шебері, қазақ хореографиясының тарихы туралы кітаптардың, мақалалар мен сөздіктердің авторы болып табылады.

Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті және қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.

1m2m3m4m